Алматыдағы жол апаты: зардап шеккендер саны артты

Қаланың ауруханаларына әртүрлі жарақат алған 17 адам жеткізілді. Жалпы көлік апаты салдарынан 19 адам зардап шекті, біреуі медициналық көмектен бас тартты. Бір жәбірленуші жедел жәрдем келгенге дейін қаза болды, — делінген хабарламада.

Еске салайық, бүгін Алматыда Төле би — Абылай хан көшелерінің қиылысында екі автобус соқтығысты. Апаттан 1 адам қаза болды.