Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Фото: Mordovmedia.ru

Бұл туралы «Қазгидрометтің» баспасөз қызметі хабарлады.

06 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының түнде басым бөлігінде қар жауады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Батыстан жел соғады түнде күші 15-20, екпіні секундына 23-28 метр, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метр. Петропавлда көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Батыстан жел соғады, күші секундына 15-20 метр, түнде екпіні секундына 23 метр.

Жетісу облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз Алакөл көлдері ауданында 15-20, екпіні секундына 23-28 метр.

Астанада оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні секундына 15 метр болады.

Ақмола облысының солтүстігінде көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз облыстың шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Көкшетауда түнде және таңертең жаяу бұрқасын, жолдарда көктайғақ. Батыстан жел соғады, түнде екпіні секундына 15-20 метр.

Түркістан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман. Шығыстан жел соғады, тау асуларында күші секундына 15-20 метр.

Қарағанды облысының шығысында тұман болады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман болады.

Маңғыстау облысының оңтүстік-батысында, күндіз оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман болады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында секундына 15-20 метр.

Мақалаға реакция