Алматыда 1 305 пәтер пайдалануға беріледі

2022 жылы 16 тұрғын үйді, яғни 1 305 пәтерді немесе 68 мың шаршы метр несиелік және жалдамалы пәтерлерді пайдалануға беру жоспарда. Сонымен қатар жұмыс істейтін жастар үшін ауданы 42 000 шаршы метр 1 050 пәтер сатып алуға қаражат қарастырылған, — дейді спикер.

Басқарма өкілінің айтуынша, құрылыс жұмыстарының көлемі артты. 7 айда 54 315,4 миллион теңге игерілді.

Сонымен қатар мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде коммерциялық тұрғын үй құрылысын ынталандыру үшін республикалық бюджет қаражатынан 150 көппәтерлі тұрғын үйге инженерлік-коммуникациялық желілер тартылуда. Нәтижесінде 7 912 пәтер салынады, оның жарты бөлігі (50%) мемлекеттік бағдарламалар бойынша жеңілдікпен іске асырылды,- деді ол.

Оңалбаев құрылыс салушылар өз учаскелерінде мектептер, балабақшалар мен медициналық мекемелер салуды көздеп отырғанын атап өтті.