Министр Елбасы туралы заңның күшін жою тәртібі туралы айтты

Министрдің айтуынша, Конституциядан тұңғыш президент пен Елбасы туралы тармақтар алынып тасталғаннан кейін конституциялық заңның күші автоматты түрде жойылмайды. Парламент тиісті шешімін шығаруға тиіс.

Заңның күшін жою үшін заңнамаға талдау жүргізіледі. Сосын заң жобасы әзірленеді. Ондай құжат дайын емес, парламентке әлі жіберілген жоқ, — деді Мусин сенат отырысынан кейінгі брифингіде.

Министрдің сөзінше, Елбасы туралы заңның күшін жою үшін «біршама уақыт» қажет. Бірақ нақты қанша уақыт кететінін айтпады. Қазіргі кезде басқа заңдарда тұңғыш президент туралы сөздер бар.

Бізде он шақты заң бар. Бәрін жинақтап, зерделеп, тиісті шешім шығарылады. Оған біршама уақыт қажет. Жұмыс жүргізіліп жатыр. Соның нәтижесінде арнайы заң парламенттің қарауына енгізіледі, — деп атап көрсетті Мусин.