2 қарашадағы мәлімет бойынша, елде 811 адам коронавирус инфекциясынан (–664+ және 147 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 65 пациент стационарда, 746 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 3 адамның жағдайы ауыр,
- 3 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 1 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.
Сонымен қатар 10 843 214 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін, 10 605 513 адам II компонентін салдырды. Ревакцинацияланғандар саны – 5 613 445.
