Елімізде колледждерге арналған гранттар саны өсті

Колледждер мәселесіне тоқталсақ, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жастар тиісті мамандықтар бойынша 100% қамтылады. Биыл гранттар саны өсіп, рекордтық 128 мың орынды құрады. Енді студенттерге бір емес, үш құзыреттілікке дейін алып шығу мүмкіндігі берілді, — деді Аймағамбетов.

Оның айтуынша, мемлекеттік тапсырысты кәсіпорындардың өздеріне, олардың нақты өтінімдері бойынша нысаналы түрде беру жалғасады.

Биылдан бастап колледждерге академиялық дербестік берілді. Бұл қадам кадрларды даярлау сапасын арттыруға толығымен мүмкіндік берді, — деді министр.