Илон Маск Twitter директорлар кеңесін таратты

27 қазанда бірігу туралы келісім нәтижесінде Илон Маск Twitter-дің жалғыз директоры болды. Мәміле аяқталған сәтте бірігу жөніндегі келісімнің талаптарына сәйкес осыған дейін директор болған тұлғалар қызметін тоқтатты, — делінген құжаттардың бірінде.

Әлеуметтік желінің негізін қалаушылардың бірі Джек Дорси компаниядағы акциясының 2,4% үлесін сақтап қалды. Қазіргі уақытта оның жалпы нарықтық құны шамамен 1 миллиард долларды құрайтын 18 миллионнан астам акциясы бар.