Ақордаға Тәжікстан және Өзбекстан президенттері келді

Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық кеңестің президенті Шарль Мишельді Ақорда резиденциясында қарсы алды, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының және Еуропалық кеңес президентінің кездесуіне арнайы келген Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевті және Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды қарсы алды.