Республикасы күніне орай еріктілер 1 500 астам ағаш отырғызды

Бұл туралы Алматының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі хабарлады.

Іс-шараның негізгі мақсаты-қаланың жасыл қорын көбейту, сонымен қатар өскелең ұрпаққа экологиялық тәрбие беру.

Акция барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қоғамдық кеңесінің мүшесі және «Izgilik Elshisi» басшысы Айнұр Сабитова қазіргі уақытта құқықтық насихаттауға бағытталған белсенді қызметпен қатар, еріктілер қозғалысы эковолонтерлік бойынша үлкен жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.

Біз қоршаған ортаға қамқорлық көрсетуді өз міндетіміз деп санаймыз және ол үшін еріктілермен экологиялық жаңғыртуды жалғастырамыз. Бұл тез емес, бірақ елеулі нәтижелерге әкелетін жүйелі жұмыс, — деп атап өтті Айнұр Сабитова.

Акция аясында қалалық акцияға қатысушылар терек, алма және тал көшеттерін отырғызды.

ағаш отырғызу, еріктілер
Фото: Алматының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі де қаланы абаттандыру мен көгалдандыруға өз үлесін қосты.

Бүгінгі таңда Алматы қаласының тұрғындарының алдында мегаполистің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасында көрініс табатын экологиялық проблемалар тұр. Экологиялық жағдайды жақсарту және жаңа жасыл аймақтарды құру мақсатында жастармен бірлесіп осы акцияны өткізу туралы шешім қабылданды, — деп атап өтті Алматының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Асхат Оразхан.