Тоқаев бағдарламасы: жастар үшін 2,3 миллион жұмыс орны ашылады

Әлихан Бөкейханов атындағы университетте өткен студенттермен кездесуде республикалық қоғамдық штаб мүшелері сайлауалды бағдарламада айтылған жастармен жұмыс істеудің жаңа тәсілдеріне ерекше назар аударды.

«Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында жастарға басымдық берілген. «Жастар үшін» деген көзқарастан «жастармен бірге» қағидатына көшу ұсынылады. Бұл мемлекет пен талантты, белсенді жас ұрпақтың арасында кең ауқымды өзара іс-қимылы үшін барлық жағдайды жасауға ерекше назар аударылады деген сөз. Жастардың ел тағдырына белсенді араласуы үшін барлық мүмкіндік жасалады», — деді қоғамдық штаб басшысы Ерлан Қошанов.

Айталық, «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасында білім, баспана, жұмыс сияқты жастарды алаңдататын барлық мәселе бойынша ауқымды реформалар пакеті ұсынылады.

28c5637b237d55031f1b3772d731c041 Тоқаев бағдарламасы: жастар үшін 2,3 миллион жұмыс орны ашылады
Фото: Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау республикалық қоғамдық штабы

Жас кәсіпкерлерге 2,5%-пен несие беруді бастау, креатив индустрияны дамыту, жастар үшін 2,3 миллион жұмыс орнын ашу, жатақханалар мен қолжетімді жалға берілетін тұрғын үйлер салу, жеке баспана сатып алу құралдарын дамыту, шәкіртақыны екі есе өсіру сияқты басқа да көп іс-шара жоспарланып отыр.

Абай облысының жұртшылығымен әңгімелесу барысында РҚШ мүшелері Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерді дамыту, ең әуелі ауылдағы тұрмыстың жайлы болуы үшін ұсынған шаралары туралы айтып берді.

Ақсақалдармен және зиялы қауыммен кездесуде кандидаттың сайлауалды бағдарламасында көрсетілген тарихи мұраны сақтау, мемлекеттік тілді қолдау, тарихи-мәдени ескерткіштерді қалпына келтіру және өнерді дамыту шаралары талқыланды.

fe489f6ef777e98956c00038b863eb0f Тоқаев бағдарламасы: жастар үшін 2,3 миллион жұмыс орны ашылады
Фото: Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау республикалық қоғамдық штабы

Кездесу барысында өңірдегі зиялы қауым өкілдері Абай облысын құру туралы шешімі үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, оның реформаларын тұрғындар қолдайтынына сендірді.

«Бұл біз 20 жылдан астам уақыттан бері күткен шешім болды. Жаңа мәртебе берілген біздің облысымыз одан да серпінді дамитынына сенімдімін. Ал абайлықтар сайлауда Қасым-Жомарт Тоқаевқа белсенді дауыс береді», — деді Шәкәрім атындағы университеттің профессоры Арап Еспенбетов.

d19035a901129eff244fe889feae04f9 Тоқаев бағдарламасы: жастар үшін 2,3 миллион жұмыс орны ашылады
Фото: Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау республикалық қоғамдық штабы

Сол күні РҚШ мүшелері «Семей Цемент» АҚ-на барып, кәсіпорынның еңбек ұжымын сайлауға қатысуға және Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформаларын қолдап дауыс беруге шақырды.

Дайындаған: республикалық қоғамдық штаб
Астана қаласы, Қонаев 12/1
Тапсырыс беруші: М.Ж.Оспанов
Қазақстан Республикасы президенттігіне үміткер Қ.К.Тоқаевтың сайлау қорынан төленді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да