Тәуекел Мүсілімді «Анамды іздеймін» фильміне қалай таңдады?

Руслан Акунов, режиссер: «Жақында әке атандым. Баламмен бірге көретін фильм түсіргім келді. Ересек адам мен баланың арасындағы достық — негізгі идеям болды. Әріптестеріммен жиналып, сценарий жаздық. Басты рөлді сомдайтын адамды көп іздедік. Азамат өзінің рөлін өте жақсы ойнап шықты. Ал Тәуекел Мүсілімді маған әйелім көрсетіп, ұсыныс жасады. Алғашында «Тым сымбатты жігіт екен. Фильмдегі қарапайым Даниярдың рөліне сәйкес келе ме екен?» деп көп ойландым. Бірақ, таңдауыма еш өкінбеймін. Өмірдегі кездейсоқ дүниелер жақсылыққа бастайтынын ұмытпаған жөн.»

ДереккөзJuldyz.kz