Бұл туралы Жылыой ауданының баспасөз қызметі хабарлады.
Нысан жекеменшік әріптестік шеңберінде салынған. Нақтырақ айтқанда Жылыой ауданының кәсіпкерлерінің қолдауымен ашылған. Бұл жерде балалар мен жасөспірімдер аралас жекпе-жек және грэпплингтен спорт түрлерімен айналысуға болады. Келушілердің ыңғайлылығы үшін киім ауыстыруға, душ қабылдауға арналған арнайы орын және бапкерлер мен медбикелерге арналған бөлмелермен де қамтылған.
Салтанатты жиынның ашылуында құттықтау сөз алған аудан әкімінің орынбасары Әнуар Шәкіров барша жиналған қауымды Республика күні мерекесімен және қала тұрғындарын жаңа ғимараттарымен құттықтап, ауданда спорт саласын дамыту мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.
Айта кетейік, бүгінгі таңда ауданда 7 мемлекеттік спорт мектептері және 2 жекеменшік спорт мектебі халыққа қызмет көрсетеді. Олар спорттың 8 түрінен жастарды спортқа баулып келеді.