Қаңтар оқиғасы кезінде бүлінген автокөлік иелеріне 567 миллион теңге төленді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша шағын және орта бизнеске келтірілген залалды өтеу бойынша ғана емес, сонымен қатар қаңтар оқиғалары барысында автокөліктері бүлінген немесе жойылған Алматының тұрғындарына да қатысты жұмыс жүргізіліп жатыр.

Қазіргі уақытта Алматы аудандарының әкімдіктеріне автокөлік иелерінен келтірілген залалды өтеу туралы 143 өтінім келіп түсті. Жеке тұлғаларға келтірілген залалды өтеу тетігіне сәйкес (үкіметтің 2013 жылғы 28 тамыздағы № 877 қаулысымен бекітілген терроризм актісі нәтижесінде жеке және заңды тұлғаларға келтірілген мүліктік зиянды өтеу ережелеріне сәйкес) жалпы сомасы 566,7 миллион теңгеге барлық 143 өтінімге қолдау көрсетілді, — делінген хабарламада.

Өтініштерді аудан әкімдіктері келіп түскен күннен бастап 1 ай ішінде қарайды. Мүлікке келтірілген залалды бағалау өтініш тіркелген күннен бастап 7 күн мерзімдебелгіленеді және оны зардап шеккендер таңдаған тәуелсіз сарапшылар жүргізеді. Шығыстар бойынша бағалауды жүргізу мемлекеттік органдар атынан аудан әкімдіктеріне жүктелген.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да