Айыппұл төлеген жастар әскери борышын өтеуден босатыла ма?

Егер айыппұл төлеген болса немесе бұдан басқа да ҚР қылмыстық кодексінің талаптарына сай оларға шара қолданылған жағдайда, бұл оларды әскери қызметтен босатпайды. Керісінше олардың жауапкершілігін арттыра түседі. Халық арасында «әскерге бармай, қашып жүр» деген сөз көп болғанымен, біз бұл мәселені дұрыс түсінуіміз керек. Қазір жастар әскер құрамында 1 жыл ғана қызмет атқарады. Сол уақытта әскери өнерді, білімді, ғылымды үйреніп, өз бойларына сіңіріп, шамалары келгенше қамтуы тиіс, — деп жауап берді Ғани Артықов тілші сауалына.

Оның айтуынша, әскерге бармай жүргендердің көбі – денсаулық жағдайы бойынша жарамсыздар.

Біз 17 жастан бастап оларды әскерге шақыру комиссиясынан өткізіп, денсаулық жағдайы қаншалықты екенін алдын ала анықтап қоямыз. Кейінгі әскерге шақырту кездерінде сол қаншалықты өзгерді, соны ғана тексеріп отырамыз. Сондықтан, бізде «әскерге баратын жастардың саны жетпейді және олар жаппай қашып жүр екен» деген теріс ұғым туындамауы тиіс, — деді министрліктің ресми өкілі.