Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оларға қылмыстық кодексінің бірнеше баптары бойынша іс қозғалып, тергеу басталды.
Аталған ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелеріне қатысты ҚР қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігімен, ҚР қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігімен және ҚР қылмыстық кодекстің 287-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, — деді облыстық ПД бастығының орынбасары Нұржан Рахметуллаев.
