Қазақстанда жаңа ГРЭС салынуы мүмкін

Оның айтуынша, бүгінгі таңда қор электр энергетикасы саласында 6 басым жобаны іске асыруды бастады. Құны 1,2 триллион теңгені құрайтын жобалар 2023 жылға дейін іске асырылады.

Бұдан басқа, қор жалпы сомасы 9 триллион теңгеден асатын 14 жобаны іске асыратын болады. Атом электр станциясын салу жұмысының ұзаққа созылатынын ескере отырып, жақын арада көмір өндіретін жаңа қондырғыларды салу қажет болады. Екібастұзда қуаты шамамен 1 200 МВт болатын жаңа ГРЭС салу мәселесі қарастырылып жатыр, — деді Алмасадам Сәтқалиев.