Елімізде киіктерді атуға рұқсат берілуі мүмкін

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев киіктерді атуға рұқсат берілуі мүмкін екенін айтты.

Киіктерді атуға рұқсат берілуі мүмкін. Егер біздің ғалымдар киік санын реттеуге рұқсат беретін болса, қазір жұмыс тобымен бүкіл сұрақтарды қарастырып жатырмыз, — деді экология министрі мәжіліс отырысынан кейін тілшілерге берген сұхбатында.

Оның айтуынша, биологиялық негіздеме Қазақстанның барлық аумағына — Бетпақдала, Үстірт және Орал популяцияларына таралады.

Қазір негізгі мәселе Батыс Қазақстан облысы бойынша байқалып отыр. Өйткені, киіктер қазір ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің егістіктеріне шығып жатыр. Сондықтан мұнда белгілі бір мәселе бар. Тіпті мәселе мұнда ғана емес. Ғалымдарымыздың киік санын реттеу қажет деген ұсынысы бар. Бұл популяцияның өзін қорғау үшін де қажет. Қазір баспасөзді де жіті оқып отырмыз. Онда бізді Қызыл кітапқа енген киіктерді атуға рұқсат беріп, аңшылық шаруашылықтардың мүддесін қорғап отыр деп жатыр. Біріншіден, киік Қызыл кітапқа енгізілмеген. Ол жойылып бара жатқан түр ретінде қарастырылады. 2016 жылдан бастап бізде 110 мың киік болды. Бүгінгі таңда олардың саны 1 миллион 318 мыңға жетті, біз популяцияны сақтап қалдық. Қолдан келгеннің бәрін жасадық. Енді бұл популяцияны реттейтін уақыт келді, — деді Серікқали Брекешев.

Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Қазгидромет тасқын қаупіне байланысты ескерту жасады

Қазақстанның төрт облысында өзендер тасып, су басу ықтималдығы бар. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлады. 

Қазақстан құрамасы футболдан Данияны жеңді

Қазақстанның футболдан құрама командасы Дания командасын Еуропа-2024 чемпионатына іріктеу кезінде жеңді.

Қазақстанның сегіз жоғары оқу орны әлемдік рейтингіге енді

Еліміздегі сегіз жоғарғы оқу орыны әлемнің үздік университеттерінің пәндік рейтингіне енді. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.

Президент шахматшы Динара Сәдуақасованы қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Астана шахмат федерациясының құрметті президенті Динара Сәдуақасованы қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Президент ҚХР Шыңжаң өлкесінің басшысын қабылдады

Президент ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы ҚКП партия комитетінің хатшысы Ма Синжуйді қабылдады.

Елден жанармайды 20 литрлік канистрмен шығаруға тыйым салынды

2023 жылғы 20 қаңтарда Энергетика министрлігінің «Қазақстан аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығы шыққан. Бұйрықта жанармайды елден 20 литрлік канистрмен шығаруға қатысты норма алынып тасталды.