Ұлттық банктің долларға қатысты ресми бағамы белгіленді

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 475 — 479,5 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 477 — 481 теңге аралығында құбылып тұр.

13 қазан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,13 теңгеге өсіп, 479,05 теңге болған.

Ұлттық банктің 14 қазандағы ресми бағамы – 1 долларға 479,32 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 0,08 теңгеге арзандап, 7,57 теңге болды. Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 7 — 7,35 теңге аралығында саудаланып жатыр.