Мұндай алғашқы акциялардың бірі Токио муниципалитеті ғимараты алдында өтті. Олимпиада ойындарын ұйымдастыру комитеті мен демекшілік көрсететін компаниялар телефондар үйіндісінің астында қалды.
Ұйымдастыру комитеті ұялы телефондар мен ескі тұрмыстық техникалардан медаль құюға қажетті металдарды: 40 кг алтын және әрқайсысы 3 тоннадан күміс пен қола алуды жоспарлап отыр.
“Біз қоғамда ұзақ мерзімді даму идеясын насихаттау және тұрғындардың Олимпиада-2020 ойындарына тікелей атсалысуын арттыру мақсатында осындай бастама көтердік. Сіздің ұялы телефоныңыз Олимпиада медалінің бір бөлшегі болуы мүмкін деген идея қоғамның спортқа деген ынтасын арттырды, – дейді Токио губeрнатoры Юрикo Кoикэ.
Шикізат ретінде жиналған телефондар тиісті өңдеулерден өткізілген соң Олимпиада және Паралимпиада ойындарына арнап 5000 медаль соғылатын болады. Сәуір айында ескі электроника қабылдайтын осындай тағы 2400 орын ашылатын болады.