22 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктердің болжауынша, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын жүреді, жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді, түнде екпіні 25 м/с жетеді.

Алматы облысының кей жерлерінде түнде тұман күтіледі, Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с жылдамдықпен соғады.

Жамбыл облысының жекелеген аудандарында тұман күтіледі, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстарының жекелеген аймақтарында тұман түсіп, Атырау облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді, күндіз кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.

Ақтөбе облысында желдің жылдамдығы 18 м/с жетіп, аздап боран соғады.

Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады, жел 17-22 м/с жылдамдықпен соғады.

Солтүстік Қазақстан облысында аздап боран соғып, жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді, екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Түнде Павлодар облысынының кей жерлерінде қар борап, желдің күші 15-20 м/с дейін артады.

Қарағанды облысының бірқатар жерлерінде тұман,түнде аздап боран көтеріліп, желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ, жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

ДереккөзBaq.kz