Орталық сайлау комиссиясы Қарақат Әбденнің құжаттарын қабылдады

Қарақат Әбденнің «Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігінен Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат болып ұсынылғаны туралы келесі құжаттары ұсынылды:

1. «Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігінің жоғары органы отырысының Қазақстан Республикасының президенттігіне ұсыну туралы хаттамасынан үзінді;

2. Қ.Ж. Әбденнің Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат болуға келісімі туралы өмірбаяндық деректері қоса берілген өтініші;

3. Қазақстан Республикасы орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасының енгізілгенін куәландыратын құжат;

4. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

5. Жоғары білімі туралы дипломының көшірмесі.

Еске салайық, Кәсіби әлеуметтік жұмысшылар ұлттық альянсы Қарақат Әбденді кезектен тыс президент сайлауына кандидат ретінде ұсынды.

48 жастағы Қарақат Әбденнің мамандығы – экономист-маркетолог. Мемлекеттік қызметте ұзақ жыл тәжірибесі бар – мемлекеттік кіріс, қаржы министрлігі мен салық комитетінде түрлі лауазымды қызмет атқарған. «Нұр Отан» партиясы (қазіргі «Аманат») аппаратында да қызмет істеген. Астана мәслихатының депутаты.