Елімізде бір тәулікте коронавирус жұқтырғындар азайып келеді

7 қазандағы мәлімет бойынша 1 102 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, олардың ішінде 117 пациент стационарда, 985 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

Науқастардың арасында:
  • 5 адамның жағдайы ауыр,
  • 3 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 1 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.
2020 жылдың наурыз айынан бері елде коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 393 884 науқас тіркелді.