2 қазанда АҚШ-тан пошта жөнелтілімдерін алып, жалпы салмағы 648,98 грамм марихуана, сонымен қатар 675,65 грамм гашиш тасымалдаған Алматы тұрғындары ұсталды.
Күдіктілерді тінту барысында электрондық таразылар мен өлшеп орауға қажетті басқа да құралдар табылды. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр, күдіктілер қамауға алынды, — делінген агенттік хабарламасында.
