Қазақстанда пойызбен жүретін жолаушылар саны 33% артты

Биылғы қаңтар-тамызда теміржолмен тасымалдайтын компаниялардың кірісі 851 млрд теңгеге жеткен. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 739,6 млрд теңгені құраған еді. Кірістің басым бөлігі, яғни 786,4 млрд теңге дәстүрлі түрде жүк тасымалы есебінен қамтамасыз етілді. Қалған 64,6 млрд теңгесі жолаушы тасымалына тиесілі, — делінген хабарламада.

Осы жылдың 8 айында теміржол көлігімен 273 млн тонна жүк тасымалданды. Жүктің көп бөлігі Ақтөбе, Ақмола облыстарында және Астанада жеткізілген. Ел бойынша жүк айналымы 5,4% өскен.

Атап айтқанда, теміржол көлігімен 13,1 миллион адам тасымалданып, бір жыл бұрынғы көрсеткішке қарағанда 32,6% артық болды. Өңірлер бойынша жолаушылар көбіне елордада, Ақтөбе мен Қызылорда облыстарында сапарлаған.