«Үркер» байқауына өтініш қабылдау басталды

Бұл туралы ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі хабарлады. Байқауға медиаконтент өндіретін және тарататын республикалық және өңірлік радиостанциялар, баспа және интернет-басылымдар қатыса алады.

Қатысуға өтініш 30 қыркүйектен 19 қазанға дейін қабылданады.

Конкурсқа 2021 жылғы 2 маусым мен 2022 жылғы 29 қыркүйек аралығында басылымда, интернет-ресурста жарияланған немесе радиоэфирге шыққан материалдар қабылданады.

Әр үміткер байқаудың тек екі номинациясына қатыса алады.

Өтініш urker-awards.kz ресми сайтында 10 номинация бойынша қабылданады:

1. Жылдың үздік сұхбаты
2. Жылдың үздік репортажы
3. Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал
4. Жылдың үздік журналистік зерттеуі
5. Жылдың үздік аналитикалық материалы
6. Халықаралық тақырыптағы үздік материал
7. Жылдың үздік жаңалықтар порталы
8. Радиостанциядағы үздік жоба
9. Жылдың үздік фотосуреті
10. Үздік өңірлік БАҚ

Бұдан бөлек биыл үш арнайы премия тағайындалады. Олар:
1. Ахмет Байтұрсынов атындағы арнайы премия (баспа БАҚ-тағы жоба)
2. Шерхан Мұртаза атындағы арнайы премия (авторлық жоба)
3. Батыр Қазыбаев атындағы арнайы премия (интернет БАҚ-тағы жоба)

Әр номинацияның үздік өкіліне 1 млн теңге мөлшеріндегі ақшалай сый табысталады. Байқауды ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры ұйымдастырады.