Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы ақпарат жарияланды.
Денсаулық сақтау министрлігінің 29 қыркүйектегі мәліметінше, 1 366 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр.
Оның ішінде 131 пациент стационарда, 1 235 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:
— 7 адамның жағдайы ауыр;
— 6 пациенттің жағдайы өте ауыр;
— 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.