Алматы кардиология орталығында ашық есік күні өтеді

Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, ашық есік күніне 10 жылдан астам жұмыс өтілі бар, жоғары және I біліктілік санаты бар медицина мамандары, профессорлар, кафедра доценттері, кардиологтар, кардиохирургтер мен аритмологтар қатысады.

«Бұл күні электрокардиография (ЭКГ), эхокардиография (ЭХОКГ) сияқты тексерулерден өтіп, салалық мамандардан кеңес алуға болады. Ашық есік күні 29 қыркүйек күні Төле би көшесі 93 мекенжайындағы қалалық кардиология орталығында сағат 12:00-ден 16:00 аралығында өтеді», — делінген хабарламада.

Дүниежүзілік жүрек күні 2011 жылдан бастап атап өтіледі.