Астанада меморандум бойынша көмір құны бекітілді

Астанада 11 қойма бар, 14 көмір сату нүктесі бар. Олар тиісті инфрақұрылыммен және тиеу-түсіру техникасымен толық жабдықталған. 8 компания-реализаторлар қызмет етеді.  Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.

Отын қоры тұрақты түрде толықтырылып отырады.

Баға өсіміне жол бермеу мақсатында тамыз айында барлық компаниялармен көмір құнын бекіту туралы тиісті меморандум жасалды.

109 нөмірі бойынша «Қауырт желі» жұмыс істейді, онда тұйықтағы көмірдің қоры, бағасы және бар-жоғын білуге болады.

Қазір Астанада көмірдің орташа бағасы:

Шұбаркөл — тоннасына 13 800 тг;

Қаражыра — тоннасына 14 500 тг;

Майкөбе — тоннасына 12 700 тг.