Amanat партиясының кезектен тыс съезі өтеді

Кезектен тыс XXIV съезд 6 қазанда Астана қаласында өтеді. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Съезд жұмысына еліміздің барлық аймағынан делегаттар қатысады. Орталық аппарат өңірлік филиалдармен бірге дайындықты қолға алды», — деп жазды баспасөз қызметі.