Полицейлер қылмысқа қатысушының барлығын анықтады. Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлімінің 1-тармағы негізінде сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
«Оқиғаның екі белсенді қатысушысы уақытша ұстау изоляторына қамалды, ал үшіншісі тергеліп жатыр, тергеу қорытындысы бойынша оны уақытша ұстау изоляторына орналастыру мәселесі де шешіледі», — деді Жамбыл облысы полиция департаменті басшысының орынбасары Алмас Саламатов.