Премьер-министр дәрігерлердің жалақысын арттыру жалғасатынын айтты

Сонымен бірге Әлихан Смайылов медициналық инфрақұрылымды, оның ішінде ауылдық жерлердегіні жаңарту, бейінді білімді нығайту және ғылыми зерттеулерді қаржыландыруды кеңейту жұмысы жүретінін атап өтті.

«Біз ынтымақтастығымызды жалғастыруға және барлық басым бағыттар бойынша тәжірибе алмасуға дайынбыз», — деді премьер-министр Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік бюросының директоры Ханс Клюгемен кездесу кезінде.