Мазмұнға өту
Басты бет / Қоғам /

Тоқаев Қырғызстан президентіне көңіл айтты

Фото: 24.kg

Тоқаев Садыр Жапаровқа және қырғыз халқына барша қазақстандықтардың атынан қырғыз-тәжік шекарасында болған қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты.

«Берік достық және тату көршілік қатынастарды сақтау – біздің ортақ әрі маңызды міндетіміз. Қазақстан кез келген даулы мәселені тек бейбіт жолмен және саяси дипломатиялық әдістермен шешуді жақтайды», – делінген жеделхатта.

Қазақстан Президенті қырғыз халқына мықты рух, бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.

Мақалаға реакция