Қазақстанның 7 қаласында ауа сапасы нашарлайды

19 қыркүйекте қолайсыз метеорологиялық жағдай Астана, Алматы, Ақтөбе, Павлодар қалаларында және 2-дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдай Өскемен, Семей, Риддер қалаларында күтіледі. Басқа қалаларда ауа сапасы норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.