Алматыға 1006 жыл: тұрғындар қала күнін атап өтіп жатыр

Бүгін алматылықтар бірнеше шараға бара алады. Мәселен, тұңғыш президент саябағында «Aлма fest» мерекесі жалғасып жатыр. Соның аясында алма жәрмеңкесі, концерттік бағдарлама және тағы басқа шаралар қарастырылған.

Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театрының алаңында «Сүйемін сені, Алматы» фестивалін тамашалауға болады.

Кешкі алтыда «Алматы Арена» мұз айдынында «Сәлем, Алматы!» музыкалық фестивалі басталады. Ал бір сағаттан кейін «Астана» алаңында Zhuldyzdy Live концерті өтеді.