Жамбыл филармониясы Алматы күніне орай концерт қояды

14 қыркүйекте, Алматы күні қарсаңында Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясы сахнасында «Гүл Алматым» атты мерекелік концертін өтеді.

Концертке Бақытжан Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капелласы мен ҚР мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрі қатысады.

Дирижерлер:

Қанат Ахметов – ҚР мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері;

Бейімбет Демеуов –  Бақытжан Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капелласының көркемдік жетекшісі және бас дирижері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Бағдарламада:

  1. Қ.Ахметов «Жел қанатты Қазақстан»;
  2. М.Сағатов «Алматым»;
  3. Е.Ынтықбаев «Алматым-ай»;
  4. Е.Хасанғалиев «Алматының алмасы»;
  5. «Алатау рапсодия»;
  6. Е.Рахмадиев «Құдаша Думан»;
  7. Е.Ынтықбаев «Қазақ елі»;
  8. А.Зацепин «Гүл Алматым»;
  9. «Қыздар-ай»;
  10. «Ахау-керім»;
  11.  Аққурай;
  12. «Ирландский танец»;
  13. Жоржи Бен Жор «Mas Que Nada»;
  14. Фалик-Пьяцолла «Незнакомка».