GGG «Канело»-мен үшінші кездесуде есе қайтара алмады

«GGG» (42:1:1) мен «Канело» (57:2:2) арасындағы үшінші кездесу мәресіне жетті. Мекискалық Сауль «Канело» Альварес жеңіске жетті.

Осылайша отандасымыз Геннадий Головкин кәсіпқой бокстағы ең басты қарсыласы Сауль Альварестен үшінші кездесуде де есе қайтара алмады.

Мексикалық бокс шебері WBA, WBC, WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағын жеңіп алды. Соның арқасында ол абсолютті әлем чемпионы атанып отыр.

Айта кетейік, Головкин-Альварес бокс кешінде тағы бір қазақстандық өнер көрсетті. 27 жастағы Әли Ахмедов америкалық Габриэль Росадоны (26-15-1, 15КО) жеңді.