Ұлттық банктің долларға қатысты ресми бағамы белгіленді

Kurs.kz дерегінше, елордада 1 доллар 475 – 479 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Алматыда доллар бағамы 474– 477,5 теңге аралығында құбылып тұр.

15 қыркүйек кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа құны 0, 76 теңгеге қымбаттап, 474, 60 теңге болды.

Ұлттық банктің 16 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 долларға 474, 19 теңге.

Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 7,35 – 7,55 теңге аралығында ұсынылып отыр.