Қырымбек Көшербаев: «Экономика жеткілікті дәрежеде несиелендірілмей отыр»

«Қазақстан экономикасы жеткілікті дәрежеде несиелендірілмей отыр Экономиканы қолдау және жалпы кәсіпкерлікпен айналысуға мүмкіндік жасау үшін Ұлттық банк саясатын өзгерткені дұрыс»- деген аймақ басшысы мемлекет пен жеке кәсіпкерлер әріптестігін одан әрі дамытып, экономикадағы долларсыздандыру процесін әрі қарай жүргізу қажеттігін де атап өтті.

Облыс әкімі жалып экономикаға қатысты ойларына қоса, аймақ экономикасы жайлы да айтты.

«Аймақта еңбек өнімділігі 6 есеге өсті. Бұл — жаңа жұмыс орындарының көптеп ашылуының белгісі. Облыста тұрғын құрылысы қарқында жүргізіліп, соның арқасында 20 мың адам жұмыспен қамтылып отыр. Қазір облыс экономикасын әртараптандыруды қолға алып жатырмыз. Соңы үш жыл біз дағдарысқа қарсы шаралар қабылдап, сонымен жұмыс істедік. Ал, биыл дағдарыс салдарын жойып, әлеуметтік-экономикалық қалыпты дамудың шарттарын қарастырып, іске асыру бағытында жұмыс істейміз»- деді Қырымбек Көшербаев.