Доллардың 15 қыркүйектегі ресми бағамы белгіленді

Kurs.kz мәліметінше, астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 472 – 476 теңгеден сатылуда.

Ал Алматыда доллар бағамы 473,5– 477,5 теңге аралығында құбылып тұр.

14 қыркүйек кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа құны 0, 50 теңгеге қымбаттап, 473, 84 теңге болған.

Ұлттық банктің 15 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 473, 91 теңге.

Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 7,35 – 7,55 теңге аралығында саудаланып жатыр.