Саясат Нұрбек: Алматыда 20 мың студентке жатақхана жетпейді

Алматыда оқу жылының басында жедел штаб құрылды. Менің кеңесшім Айсұлу Ерниязова осы мәселені Алматыда бақылап жүр. Себебі түйткілді мәселе Алматыда қалыптасып отыр. Өңірлерде 14 мың төсек орын бос қалып жатыр. Ал Алматыда керсінше 19-20 мың төсек орны жетіспей тұр. Неге десеңіз, ол жерде 35 жоғары оқу орнында бүкіл елдегі студенттердің 30% астамы шоғырланған. Олардың өзінің 70% басқа өңірлерден келген, — деді ведомство басшысы.

Оның айтуынша Алматының қазіргі жағдайы үлкен қалалардың көбінде кездеседі.

Бұл негізі үлкен қалалардың ортақ проблемасы. Сондықтан сол жедел штабқа сіздердің де көмектеріңіз керек. Кез келген отбасы, кез келген бала далада қалып қойған жағдайда жедел штабқа тезірек хабарлассын. Желі 24 сағат жұмыс істеп жатыр, — деді Саясат Нұрбек.