Нұр-Сұлтанда ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды

Нұр-Сұлтан полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұйымдасқан қылмыстық топтың 3 қатысушысын ұстады.

Олардың ҚР қылмыстық кодексінің 293-бабы 2-бөлігі «Бұзақылық« бойынша қылмыстық қудалаудан жасырынып жүргені, Петропавлда іздеуге жарияланғаны анықталды.

Ұстау кезінде күдіктілер травматикалық патрондармен оқталған «WALTHER», «ОСА» маркалы тапаншалармен қаруланған болды.

Аталған факті бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 287-бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл бап 2-ден 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.