Сондай-ақ түсірілімі 16 ақпанда болған 6-кезеңнің де нәтижелері жарияланған болатын. Димаш «Adagio» әнін орындап, бірінші орын алған еді.

Өткен аптада 4-кезеңде қытай тіліндегі «Күзгі мұң» әнін орындаған Димаш үшінші орынға ие болды.

Димаш Құдайбергенов қазір Қытайдағы танымал адамдар рейтингінде бірінші болып тұр.

Димаш 4 ақпан күні шоудың үшінші кезеңіне қатысып, үшінші орын алды. 28 қаңтар күні Димаш «Опера №2» әнін айтып, екінші кезең бойынша бірінші орын алған еді.

Алғашқы кезеңде Димаш Құдайбергенов француз тіліндегі «SOS d’un terrien en détresse» әнін орындап, көрермендер қошеметіне бөленді. Қытайлық музыка мамандары оны «Тәңір назарына алған әнші» деп атады, ал фанаттары қазақша үйрене бастады. Жергілікті компания әншінің құрметіне смартфон шығарды, сонымен қатар «Димаш» және «Қазақстан» Қытай интернетінде жиі ізделінетін сөздер қатарына енді.

6 пікір

  1. Тіл -көзден сақтасын …………Димашқа бақыт пен шабыты қоса сазды әуеніндей әлем сахналарында қалықтап, қазақтың атын шығарып , мәртебесін арттыра берсін демекпін !!!!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!