Тоқаев кезектен тыс президент сайлауын өткізуді ұсынды

Оның сөзінше, әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа сенім мандаты қажет.

«Мен үшін мемлекет мүддесі бәрінен биік. Сондықтан мен өкілеттік мерзімімді қысқартуға және кезектен тыс президент сайлауына баруға дайынмын. Сондай-ақ, мен көп ойланып, президент өкілеттігі мерзімдерінің санын және ұзақтығын қайта қарау қажет деген байламға келдім. Президент мандатын ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді ұсынамын. Бірақ қайта сайлануға тыйым салынады», — деді Тоқаев.

Тоқаев сонымен бірге парламент пен мәслихат сайлауын 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында өткізуді ұсынды.