Конституция күні Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Синоптиктердің айтуынша, Қазақстанда ауа райы жауын-шашынсыз, күн жылиды.

«Солтүстік-батыс антициклонының әсерінен алдағы үш тәулікте республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының таулы аймақтарында, 31 тамыз бен 1 қыркүйекте солтүстікте, Батыс Қазақстанның батысында, 1 қыркүйекте Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Температура фонына келсек, ауа температурасының одан әрі жоғарылауы күтіледі, күндіз еліміздің басым бөлігінде термометрлер 25-35 градусқа дейін, батыста және оңтүстікте 30-38 градусқа жетеді», — деп Қазгидромет қызметкерлері.