Қазақ медиажобалар нарығы білікті әрі жетілуші маманға зәру. Редакцияларға жас, тәжірибесі жоқ маманды күнделікті өндіріс барысында оқытып-үйретіп алуға тура келеді. Бұл – қосымша ресурс. Осы себепті еңбек жолын енді бастағалы отырған журналистерге аса қажет практик білім мен машық бергіміз келеді. Курс офлайн, Алматыда.
- Бір ай барысында аптаның үш күнінде, яғни барлығы 14 сабақта жобаға іріктелген адамдарға редакция жұмысында қолдана алатын машықтарды үйретеміз;
- Болашақ медиамамандардың қазіргі кәсіби нарық талабына сай ақпарат жасаудан бастап танымдық-публицистикалық лонгридтер жазуға дейінгі білімдерін кеңейтеміз;
- Редакцияның күнделікті жұмысына, ішкі шеберханасына бейімдейміз.
Жобадағы ментор – медиамәтіндер редакторы Болатбек Мұхтаров.
Уоркшоп-курсқа қатысуға 15 қыркүйекке дейін өтініш бере аласыз.