Абай облысының ауыл шаруашылығы басқармасына басшы тағайындалды

Бұл туралы өңір әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Анзор Абаев Ақмола облысының Атбасар қаласында дүниеге келген. С.Сейфуллин атындағы қазақ мемлекеттік агротехникалық университетін «жерге орналастыру және кадастр» мамандығы бойынша тамамдады.

Еңбек жолын Астананың басқару институтында ректор көмекшісі ретінде бастады.

2010 жылы Астананың жер қатынастары басқармасына жастар тәжірибесінен өту үшін қабылданып, осы күнге дейін аталған басқармада жұмыс істеді.

Біріктірілгенге дейін Астананың жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы басшысының орынбасары болған.