Алматыда электросамокатпен болатын жол апаттары 4 есе көбейді

Спикердің сөзінше, Алматыда микромобайл көлік құралдарын пайдалану бойынша күрделі жағдай қалыптасты.

Жасыратыны жоқ, қала тұрғындары микромобайл көлікте жол жүру ережелерін жиі бұзады, жаяу жүргіншілерге және жол жүрісіне басқа да қатысушыларға қолайсыздық туғызады. Статистика мәліметі бойынша, жаз басталғалы аталған көліктермен болған жол апаты 4 есеге көбейді, — деді қалалық полиция департаментінің ресми өкілі.

Салтанат Әзірбектің айтуынша, жол апаттарының денінде самокат немесе мопедтерді кәмелетке толмаған жасөспірімдер басқарады. Қазір электр самокаттарының көлік құралы ретіндегі статусын реттейтін стандарт әзірленді.

«Жол жүрісі туралы» заңға өзгерістер енгізу көзделген, онда электр самокаттарын басқаратын адамдардың құқықтары да, міндеттері де нақты жазылатын болады. Соның салдарынан өзгерістер Жол қозғалысы ережелері мен ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне қатысты болады. Бұл – уақыт талабы. Бұл нормалар жол қозғалысына қатысушылар қауіпсіздігінің кепілі болады,- деді С.Әзірбек.