Алматыда электрсамокат тұрағы үшін жол белгілері жасалып жатыр

Бірінші кезеңде белгілер Достық, Абай, Назарбаев даңғылдары, Гоголь көшесінің бойына жасалып жатыр. Кейін қаланың жүктемесі мейілінше жоғары бөліктерін қамту жоспарланып отыр. Жыл соңына дейін қала бойынша 500 тұрақ жасалатын болады.

Тұрақ аумақтары ақ түсті бояумен самокат кескіні арқылы белгіленеді. Тұрақ алаңы шамамен 4 шаршы метр, оған 10-ға жуық жалдамалы самокат қоюға болады. Арнайы белгілердің жасалуы қала тұрғындарына жалдамалы самокаттарды жаяу жүргіншілер мен көліктерге кедергі келтірмейтін орындарға қалдыруға мүмкіндік береді.

8e13f90999a82b652bfdc3ac9a537956 Алматыда электрсамокат тұрағы үшін жол белгілері жасалып жатыр
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
876d36d5bd917136f709f48dd96c04f8 Алматыда электрсамокат тұрағы үшін жол белгілері жасалып жатыр
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Еске салсақ, қала әкімдігі мен самокаттарды жалға беру қызметін ұсынатын сервистер операторлары опепраторлары арасында өзара түсіністік пен серіктестік туралы меморандумға қол қойылған болатын. Құжат жеке қозғалыс құралдарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, апатты жағдайлардың алдын алуға бағытталған. Қазіргі кезде Алматыда 15 мыңға жуық электрсамокаттар жалға беріледі және күніне 100 мыңға жуық қозғалыс жасауға болады.

6e52fbfbdd8f7143a2f8c70f9f891eb6 Алматыда электрсамокат тұрағы үшін жол белгілері жасалып жатыр
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі