Смайылов екі өңірге мал азығын дайындау бойынша тапсырма берді

Жалпы биыл мал азығын дайындау жұмыстары үшін ауа-райы қолайлы болып тұр. Дегенмен, Маңғыстау және Атырау облыстары графиктен кешігіп келеді. Бұл өңірлер ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, жұмыс қарқынын күшейтуі керек, — деді Әлихан Смайылов үкімет отырысында.

Жергілікті атқарушы органдар ұсынған жедел деректерге сәйкес, бүгінде 21 миллион тонна шөп дайындалды. Бұл жоспардың 87,3% құрап отыр. 22 тамыздағы жағдайы бойынша пішендеме дайындау 1,2 миллион тоннаны немесе 90,6%, сабан 1 миллион тоннаны немесе 27,4%, құнарлы азық 918 мың тоннаны немесе 17,6% және сүрлем 192 тоннаны немесе бұл жалпы жоспардың 11% құрайды.