Үсік, дауыл, тұман: алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

21 тамызда Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрып, оңтүстік-шығыстан жел соғады.

Таңертең және күндіз Ақмола облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде, шығысында түнде және таңертең тұман түседі, батысында түнде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.

Күндіз Алматы облысының таулы аудандарына бұршақ жауады.

21 тамызда Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Таңертең және күндіз Қызылорда облысының орталығында солтүстік-шығыстан жел соғады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

21 тамызда күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды.

Ал Батыс Қазақстан облысының батысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні — секундына 15-20 метр.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Түнде облыстың солтүстігінде тұман түсіп, шығысында жер бетінде 2 градусқа дейін үсік жүреді.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші — 15-20, екпіні — 25 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

21 тамызда түнде Павлодар облысының солтүстігінде, шығысыңда тұман түседі.

23 тамыз күні күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарда найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, 21-23 тамызда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда — 15-20 м/с, 21-22 тамызда екпіні 23 м/с күтіледі.

Түнде Қарағанды облысының солтүстік бөлігінде топырақ бетінде 2 градус үсік сақталады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да